Новости Казахстана Топ новости Финансы

ВТБ Қазақстандағы еншілес банкін капиталдандыруға ниетті

ВТБ Банк (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның жалғыз акционері – ВТБ Банк (ЖАҚ) Қазақстандағы еншілес банкті қосымша капиталдандыруға ниетті. Рәсім барлық заңды талаптар орындалғаннан кейін жүзеге асырылады. Банк алынған қаражатты өз капиталын ұлғайтуға жұмсайды, бұл қажетті нормативтерді орындауға және елдегі банк қызметін одан әрі дамытуға ықпал етеді.


«ВТБ Банк (Қазақстан) Қазақстан Республикасының резиденті болып табылады және елде 13 жылдан астам жұмыс істеп келеді. Акционер банкке сенім білдіреді және толық қолдау көрсетеді. Біз Қазақстанда ВТБ дамуының жаңа жолын анық көріп отырмыз және бизнес-модельді трансформациялаумен айналысып жатырмыз. Капиталды ұлғайту банкке тұрақтылықты арттыруға және акционермен бірлесіп айқындалған міндеттерді іске асыруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті ВТБ Банк (Қазақстан) басқарма төрағасы Дмитрий Забелло.

Related Posts

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.