fbpx
Топ новости Финансы

«Халық – Life» АҚ-ның 22 мыңнан астам клиенті компанияның инвестициялық қызметінің қорытындылары бойынша қосымша табысқа ие болады

«Халық-Life» АҚ-ның 2020 жылғы табысты инвестициялық қызметінің нәтижелері бойынша инвестициялық қызметтен пайдаға қатысу шартын көздейтін өмірді жинақтаушы сақтандыру шарттары бар компанияның клиенттері инвестициялық қызметке сақтандыру полисінің қатысуы есебінен қалыптастырылған қосымша табыстылыққа ие болады.

«Біздің Компаниямыз өткен жылғы Covid-19 коронавирустық инфекциясы салдарынан пайда болған қиындықтарға қарамастан, жаңа сындарға тез бейімделіп, 2020 жылы жақсы нәтиже көрсетті. Сондықтан, Компанияның Директорлар Кеңесі өмірді жинақтаушы сақтандыру шарттары бар клиенттері арасында 265 млн теңге мөлшеріндегі инвестициялық қызметтен түскен пайданы бөлу туралы шешім қабылдады. Бұл табыстылықтың кепілдендірілген мөлшерлемесін қоса алғанда, 8,8% дейінгі мөлшердегі инвестициялық табыстылық мөлшерлемесіне сәйкес келеді. Бүгінгі таңда біздің компанияда 1 миллионға жуық ҚР азаматтары сақтандырылған. Біз үшін әрбір клиент маңызды, сондықтан біз әрқашан клиенттеріміздің алдында өз міндеттерімізді орындауға бар күшімізді жұмсаймыз», – дейді Басқарма Төрағасының міндетін атқарушы А.З. Джексембаев.

2020 жылдың қорытындылары бойынша «Халық-Life» АҚ-ның 22 мыңнан астам клиентіне бонустық сақтандыру сомасының шамасына қосымша сақтандыру қорғанысын сатып алу үшін компаниядан сақтандыру дивидендтері есептелетін болады.

Осылайша, сақтандыру дивидендтері түріндегі пайданың 265 миллион теңгесін бөлу нәтижесінде инвестициялық қызметтен алынатын пайдаға қатысатын өмірді жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша жалпы сақтандыру сомасы 343 миллион теңгеге ұлғаяды.

Related Posts

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *