fbpx
Топ новости

Енді, үйден шықпай-ақ, 5 минуттың ішінде өмірді сақтандыруға болады

Қазақстанда өмірді сақтандыру нарығының көшбасшысы – «Қазақстан Халық Банкінің» Өмірді сақтандыру бойынша «Халық-Life» еншілес компаниясы» АҚ нарыққа бірнеше минутта Компания сайтында онлайн сатып алуға болатын «Life-Персона» өмірді сақтандыру бағдарламасын шығарды.Бүгіннен бастап, кез келген адам, кеңсеге келмей-ақ өмірді сақтандыруға өтінімді ресімдеп, өзінің жеке төлем картасымен сақтандыру жарнасын төлей отырып, өмірді сақтандыру бойынша сақтандыру полисін SMS хабарлама арқылы ала алады.

«Біз сақтандыру сервисін жетілдіру және әлеуетті клиенттерімізге барынша қолайлы жағдай жасау үшін ұсынылатын қызметтердің түлерін дамыту бойынша жұмысты жалғастырудамыз. Біздің негізгі міндетіміз –  әр клиентке өмірді жинақтаушы сақтандыру өнімдерінің барлық маңыздылығын жеткізу және қазақстандықтардың өмірді сақтандыру саласындағы мәдениетін арттыру. Енді, кез келген адам күніне 200 теңгеге «Life-Персона» бағдарламасы бойынша өзінің негізгі «қоржынын» толықтыра алады және өзінің өмірі мен денсаулығы үшін алаңдамайды, өйткені олар сенімді қорғаныста болады. Бұл жобаны біз айтарлықтай технологиялық дайындықтың, оның ішінде мемлекеттік деректер қоры тарапынан да іске асыра алдық»,деді өз сөзінде «Халық-Life» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Андрей Джексембаев.

Бұл өнімнің бірегейлігі – полис 18-ден 60 жас аралығындағы әрбір адамға қолжетімді, тәуілігіне 24 сағат бойы және бүкіл әлем бойынша сақтандыру қорғаныста болу. Ол үшін компания сайтына кіріп, сақтандыру өтемінің қажетті көлемін таңдап, құнын есептеп, компания кеңсесіне келмей-ақ, 5 минутта онлайн арқылы полисті сатып алу жеткілікті. «Life-Персона» сақтандыру бағдарламасының негізгі артықшылығы сақтандыру мерзімі аяқталғаннан кейін жағдайлардың қолайлы үйлесуі кезінде сақтандыру жарналары клиенттің сақтандыру полисі бойынша бұрын төлеген көлемінде қайтарылатындығында.

Сонымен, сақтандыру полисін сатып алу үшін клиент бар болғаны бірнеше іс – қимыл жасауы қажет. Келесі сілтеме https://online.halyklife.kz/life-persona/ бойынша компания сайтына кіріп, қажетті деректерді енгізген соң, Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) көмегімен сақтандыру өтініміне қол қою керек. Сақтандыру жарнасын Қазақстан Республикасының кез келген банк картасымен төлеуге болады. Сіздің шартыңыз SMS хабарлама арқылы мобильді нөміріңізге жолданады. Немесе компания сайтындағы сілтемесі бойынша https://www.halyklife.kz/chastnym-litsam/vyzvat-agenta/ өтіп, өтінім үлігісін толтырып, жіберу қажет. Компания менеджерлері сізбен хабарласып, ресімделген полисті мекенжайыңызға жеткізеді.

Related Posts

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *