Спорт

Бауыржан Исламхан: «Кешеден бері барлығы құттықтап, екі жыл әскерде болып келгендей болдым»

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан ҚФФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында ұлттық құрамаға қайта оралуы туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Kazfootball.kz порталы:

Бауыржан Исламхан: «Кешеден бері барлығы құттықтап, екі жыл әскерде болып келгендей болдым»

– Біріншіден мен өте қуаныштымын, қайтып осы екі жылдан кейін оралғаныма. Бапкерлерге үлкен рахмет, маған осындай мүмкіндік беріп жатқанына. Қазақстанға қайтып келіп, осындай қолдау көрсетіп жатқанына барлық жанкүйерлерге үлкен рахмет білдіргім келеді. Кешеден бері барлығы құттықтап жатыр, екі жыл әскерде болып келгендей болдым. Мен өте қуаныштымын көк алаңға оралғаныма. Иә, дайындалдым кішкене қарашада, сондада қазір мен бірінші рет көк алаңға шығып тұрмын. Енді оның бәрі өзіме байланысты, қалай өзімді көрсетем, содан кейін бапкердің өзі шешім қабылдайды деп сенемін. Көбісімен бірге ойнағанбыз, биыл жігіттер керемет нәтиже көрсетті. Қолымнан келгенше мен де Қазақстан құрамасына көмектесемін деп ойлаймын.

Өзбекстан мен БАӘ құрамаларындс менің достарым ойнайды. Бұл ойындар маған да қызық болайын деп тұр. Жігіттердің дайындықтары жақсы. Оң нәтижеге жетеміз деп ойлаймын.

Видео: ҚФФ

 

Related Posts

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.