fbpx
23 сентября, 2021
Политика Топ новости

Алматы қаласы мәслихатының депутаттары атмосфералық ауа сапасын жақсарту бойынша қоғамдық тыңдау өткізді

Бүгін қалалық мәслихат депутаттарының тұрақты комиссиясының төрағалығымен Алматы қаласында атмосфералық ауаның сапасын жақсарту мәселелері бойынша қоғамдық тыңдау өтті.

Іс-шара барысында қалалық мәслихаттың экология, туризм және қоғамдық кеңістікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы қоршаған орта мен атмосфералық ауаның сапасын бағалау бойынша талдау жүргізді. Экологиялық жағдай бойынша анализді Алматы қаласының қоғамдық кеңесі мен сарапшылар қауымдастығы бірлесіп жүргізілді.

“Талдау көрсеткендей, азаматтардың көпшілігі, соның ішінде балалар, жасөспірімдер және зейнеткерлік жастағы адамдар тыныс алу органдарының ауруларынан зардап шегеді. Бұл ауадағы зиянды заттардың жоғары концентрациясына байланысты. Ластанудың негізгі эмитенттерінің бірі көлік болып табылады”, – деді Алматы қаласы мәслихатының экология, туризм және қоғамдық кеңістікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Алтынай Көбеева.

Оның айтуынша, экологияны жақсарту бойынша мәселелер Алматы қаласының 2025 жылға дейін даму бағдарламасына енгізілген, оның ішінде тиімділігі жоғары сүзгілерді орнатуды ескере отырып, ЖЭО-2-ні газға ауыстыру, қалада электр автобустарының санын көбейту, өнеркәсіптік ластаушы кәсіпорындардың экологиялық мониторингінің автоматтандырылған жүйесін енгізу, бензин мен дизельдегі автомобильдерден бас тартуды ынталандыру, ауаны тазарту және микроклиматты жақсарту үшін қаланың жасыл қорын жаңарту, жоспарланған 1 миллион ағаш отырғызу арқылы барлық кеңістіктерді көгалдандыру.

“Алматыда ауа лас екені ешкімге құпия емес. Басты себептер арасында -автокөлік, ЖЭО, ҚТҚ қалдықтары немесе жану өнімдерінің эмиссиясы. Әрине, бұл мәселе экологтарды ғана емес, қала тұрғындары мен бүкіл жұртшылықты толғандырады. Қазір әуе бассейніндегі автокөлікпен ластанған эмиссияның жалпы үлесі қалалық шығарындының 60%-ын құрайды. Мысалы, бір автомобиль ауаға 200 ластаушы заттарды, соның ішінде көміртегі тотығы, альдегидтер, күйе, азот оксидтерін лақтыра алады. Мұның бәрі жер бетіне жиналып, ультракүлгін сәулелердің әсерінен улы қосылыстардың бастапқы өніміне айналады”, – деді депутат.

Қоғамдық тыңдаудың қорытындысы бойынша Қалалық мобильділік басқармасына эмиссиялар бойынша стандарттарға сәйкес келмейтін көлік құралдарының қозғалысын шектеу бойынша шаралар қабылдау ұсынылды. Басқа мемлекеттік органдардың деректер базасымен интеграция және қалаға эмиссиялар бойынша стандарттарға сәйкес келмейтін көліктің кіруіне жол бермеу арқылы қалаға кірудегі экопосттардың жұмыс процесін оңтайландыру. Сондай-ақ банктермен, лизингтік компаниялармен, Даму Қоры мен кәсіпкерлер бірлесіп жеке автомобильдерді газға ауыстыру үшін электр тартымында Көлік құралдарын сатып алу, ондағы “кейіннен сатып алу арқылы газ жабдығының лизингін” субсидиялау жөніндегі арнайы өңірлік бағдарламасын құруды ұйымдастыруды ұсынды.

Тыңдауда сондай-ақ, сапалы отынды пайдалануды және қаладағы автокөліктерді техникалық тексеру рәсімдерін жетілдіруді ескере отырып, қоғамдық және балама көлік түрлерін дамыту бойынша шаралар қабылдау ұсынылды.

Related Posts

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *